Атырау, 5 қараша 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Құр уәде жылу болмайды

3 359 просмотра

Индербор поселкесіндегі көпқабатты 14 үйді жылумен қамтуда үлкен мәселе туындап отыр. Өйткені, келіп тұрған жылу жоқ.

Индер ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, ол ауданды басқарғалы 2011 жылы жылумен қамту инфрақұрылымын қолдауға 2012 жылы 12 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы жылу қазандықтарын жөндеуге жұмсалды.

- Бұрын қомақты қаражат бөлініп тұрды. 2009 жылы 110 млн, теңге, 2010 жылы да сонда қаржы бөлінді. Ауданның жылу жүйесінің жағдайына бұл ешқандай әсер еткен жоқ. Ал енді ақша да, жылу да жоқ, -  дейді әкім Б. Сәрсенғалиев.

- Енді қандай проблема орын алып отыр? 

- Тұрғындар төлемақыларын уақтылы төлемеді де, «Сисенғалиев» ЖК поселкені жылумен қамту жұмысынан бас тартты

- Сонда жылуды кім береді?

- Әзірге білмеймін. «Сисенғалиев» ЖК-ның қарызы 19 млн теңгеге жетті. Әзірге ешкім поселкені жылумен қамту қызметі секілді ауыр жүкті өзіне арқалауға ниет танытқан жоқ. Бірақ, біз тығырықтан шығар жолды іздеп жатырмыз.

Жеке кәсіпкер Таңат СИСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша,поселкедегі көпқабатты 14 үйде 840 пәтер бар. Олардың ішіндегі 626 пәтер иесі жылу жөніндегі келісім шартқа отырса, 122-сі оны қажет деп таппапты. 24 пәтер иелері үйдің жылу радиаторларын мүлдем шығарып тастаған. 2012-2013 ж.ж. жылыту маусымы басталысымен Индербор поселкесінің тұрғындарының ЖК-ға қарызы 2 млн 600 мың теңгеге жеткен. Оның үстіне, Жаңа жыл қарсаңында ЖК-нің 43 қызметкері жалақысыз қалған.

- Мен олардың жалақысын қайдан алып төлерімді білмей отырмын. Операторлардың орташа еңбекақысы онсыз да мардымсыз еді, 25 мың теңге ғана. Газшыларға 1,5 млн теңге, ал электр тогы мен суға 600 мың теңге бережақ, - дейді Таңат Сисенғалиев.

Тұрғындар болса, жылу қалыпты әрі сапалы келіп тұрса, төлемақысынан қашпас едік деп отыр. Олардың пікірінше, бар проблема - көпқабатты үйлердің коммуникациясының соңғы 30 жыл ішінде жаңар-тылмағандықтан әбден ескір-генінде. 

- Жылу тұрбалары әбден ескірді, кейбірі қағаз сияқты үгітіліп жатыр.  Модернизация қағаз жүзінде, - дейді тұрғындар. 

Ал аудан әкімінің орынбасары Мұханбетқали АЛДЕРЗИН жылудың болатынын, қалғандары - құр байбалам деп есептейді.  

- Қалыптасқан жағдайдан шығар жолды тауып, қаражатты өндіру қажет, - деп мәлім етті М. Алдерзин.

Әкім орынбасарының сөзінен кейін кеудемізде үміт сәулесі жағылғандай болғанымен, бәрібір жылу мәселесі – жылу түскенде шешіледі, ал қаражаттың толықтай өндірілуі екіталай. Себебі, өмір тәжірибесінде бұлай болып көрмепті...

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қаңтар 2013, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.