Атырау, 23 шілде 08:51
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Қырғызстандағы тау шаңғысы курорттарының бірінде 12 жастағы қазақстандық қайтыс болды

2 287 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қырғызстандағы Қаракөл қаласындағы тау шаңғысы курортының бірінде 12 жастағы қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ыстық Көл облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға бүгін болған. 

"Бүгін, 12 қаңтарда, сағат 15:00 шамасында полицияға тау шаңғысы базасынан 12 жастағы бала трассалардың бірінен түсіп бара жатқанда шыршаға соғылғаны туралы хабарлама түсті. Бала алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты, милиционерлер барлық материалды жинап жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін облыстық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

12 қаңтар 2021, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.