Атырау, 13 қазан 19:23
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Теннис: Александр Бублик Анталияда әлемнің оныншы ракеткасын ұтты

1 872 просмотра

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Бублик ширек финалда әлемнің оныншы, осы доданың 1-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттинимен шеберлік байқасты. 

Қазақстандық теннисші бірінші партияда қарсыласынан тай-брейкте басым түсті – 7:6 (8:6). Екінші сетті де жеңіспен аяқтай білді – 6:4. 

Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды. 

Александр матч барысында екі мәрте брейк жасаса, қарсыласы біреумен шектелді. Сондай-ақ А.Бублик 11 рет (М.Берреттини – 7) эйс жасай алды. 

А.Бублик финалға шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, франциялық Жереми Шардимен таласады. Бұдан бұрын Бублик осы турнирде Андрей Голубевпен бірге жұптық сында ширек финалда осы Ж.Шарди мен тағы бір франциялық Фабрис Мартеннен 1:6, 1:6 есебімен ұтылып қалған болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Анталия жарысының ширек финалына шыққанын, Юлия Путинцеваның Аустралия чемпионына жол бергенін, ал Елена Рыбакинаның Әбу-Даби турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Зара Даркен Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде үздік отыз теннисшінің қатарына кірді.

11 қаңтар 2021, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.