Атырау, 13 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

196 колледждің 500 лицензиясы алынып қойды

1 907 просмотра

Бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылды.

Сурет : inform.kz


Еліміздің колледждерінің білім беру қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 196 колледждің 500 мамандық пен 738 біліктілікке қатысты лицензиясын кері қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Лицензияны қайтарудың негізгі себептері мамандықтар мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен білім беру мекемесінің профилі арасындағы сәйкессіздік болып табылады.

Білім беру бағдарламаларының сапасына қатысты олқылықтар, профессорлық-оқытушылық құрамның жеткіліксіздігі, кадрлардың жетіспеушілігі және оқу процесін жүзеге асыруға қажетті материалдық-техникалық базаның болмауы, оқу-зертханалық жабдықтар және т.б.

Бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылды, оқытушылар жұмысқа орналастырылды. Біз бұл жұмысты университеттерде де, колледждерде де жасаймыз. Білесіз бе, мемлекет басшысының білім сапасын арттыру туралы нұсқауы бар. Бізде шынымен де жақсы білім беретін көптеген колледж бар, бірақ жағдайлар да кездеседі. Жүйелік шаралардан басқа, мұндай мәжбүрлі шаралар да қабылдануда. Медициналық колледжде қаржыгерлер, бухгалтерлер, бағдарламашылар, ал агротехникалық колледжде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, құрылыс колледжінде дене шынықтыру мұғалімдері және т.с.с. дайындалса, қандай сапа туралы айтуға болады. Сонымен бірге тиісті базасы, персоналы мен жабдықтары болмаған, - дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
11 қаңтар 2021, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.