Атырау, 13 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Еxit poll: «Nur Otan» барлық дауыстың 72,01 пайызын иеленді

1 759 просмотра

«Демократия институты» жүргізген Еxit poll қорытындысы бойынша ҚР Парламенті депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72,01 дауысын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Демократия инстутының» интервьюерлері 500 сайлау учаскесінде Еxit poll жүргізген. 20 мың адамнан сауалнама алынған. Сауалнама қателігі 2,5 пайыз шамасында.

«Демократия институты» жүргізген Еxit poll қорытындысы мынадай:

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,93 пайыз;

«Nur Otan» партиясы – 72,01 пайыз;

«ADAL» саяси партиясы – 3,25 пайыз;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,27 пайыз;

«Қазақстанның Халық партиясы» - 9,54 пайыз.

Айта кетейік, бұған дейін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген Еxit poll қорытындысы жарияланған болатын.

Оған сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына,

71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына,

3,07 пайызы «ADAL» саяси партиясына,

10,18 пайызы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына,

9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес кандидатты қолдап дауыс беруге қатысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижесін, болжамдары мен өзге де зерттеулер дауыс беру күнінде жариялауға рұқсат етілмейді. Яғни, нәтижелері дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жариялануы тиіс

Естеріңізге сала кетсек, Конституциялық мерзімге сай өткен Мәжіліс сайлауында елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да андидаттарын ұсынған.

Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19; «Nur Otan» партиясынан 126; «ADAL» саяси партиясынан 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар.

Ал жергілікті мәслихаттарға 832, оның ішінде «Ауыл» ХДПП-нан – 158, «Nur Otan» партиясынан - 216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелген.

11 қаңтар 2021, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.