Атырау, 13 қазан 21:24
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тоқаев наразылық білдіруге қатысты пікірін айтты

1 903 просмотра

10 қаңтарда, сайлау күні, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау күні наразылық білдіретіндер болса, оларға "ешқандай репрессиялық шаралар қолданылмайды" деді. Ол бұл сөзіне Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бергенде айтты.

Дүйсенбі күні Тоқаев Нұр-Сұлтандағы №58 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Оның сөзінше, билік "сайлауды әділ өткізу үшін барлығын жасаған".

- Барлық кандидатқа тең жағдай жасалды. Ал үкімет, заңға сай, сайлаудан кейін отставкаға кетуі тиіс. Сайлаудан соң парламентке барып, фракция жетекшілерімен, жаңа депутаттармен премьер министр мен министрлердің кандидатурасын ақылдасамын, - деді Тоқаев.

10 қаңтар, сайлау күні бірнеше оппозициялық топ жұртты наразылыққа шақырған. Дүйсенбіде Алматыда наразылыққа шыққан оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай бастаған белсенділерді полиция қоршауға алды. Алматыда интернет мен ұялы байланыс нашарлады.

Нұр-Сұлтанда оппозиция күштері митинг орны деп белгілеген жерде күзет күшейді. ІІМ 10 қаңтарда елде полиция жұмысын күшейткенін, 40 мыңдай полицей жұмысқа шыққанын хабарлады.

10 қаңтар 2021, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.