Атырау, 24 желтоқсан 00:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

2 788 рет қаралды

Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер қылмыс 8 қаңтарға қараған түні қаланың Алмалы ауданында болғанын айтты. Жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды.

"2005 жылғы кәмелетке толмаған бала жанжал кезінде анасына бірнеше рет пышақ сұққаны анықталды. Салдарынан әйел қайтыс болды.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баламен психологтардың көмегімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Алдын ала мәлімет бойынша, балада психикалық бұзылу белгілері бар.

8 қаңтар 2021, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.