Атырау, 13 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Павлодар тұрғыны ыстық су құбыры жарылған жердегі шұңқырға құлап кетті

1 976 просмотра

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы абайсызда жылу жолының шұңқырына құлап кеткен 1957 жылы туған әйелдің ауыр жағдайда жатқанын айтты  

Павлодар тұрғыны жарылған ыстық су құбырын жөндеу жұмыстары кезінде жылу жолының шұңқырына құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Павлодар облысы полициясының хабарлауынша, оқиға 7 қаңтар таңғы сағат 08.50-де Чокин көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болды. Павлодардың 63 жастағы тұрғыны абайсызда жылу жолының шұңқырына құлап кетті. Ол жерде ыстық су жолы жарылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

Салдарынан күйік шалған қала тұрғыны ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстан тілшісіне жедел жәрдемнің сағат 08:54-те шақырылғанын хабарлады.

1957 жылы туған әйелдің аяқ-қолының 45%-і күйіп қалған. Ол Павлодар №1 қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайы ауыр.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Павлодардың екі ауданында жылу жолының жарылуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілді.

8 қаңтар 2021, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.