Атырау, 13 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Димаштың әкесі желіде тараған суреттерге қатысты түсініктеме берді

3 633 просмотра

Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге "үндеу жасап" жүрген суреттері таралып жатыр

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі – Қанат Айтбаев ұлының түрлі партияларға дауыс беруге "үндейтін" суреттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге "үндеу жасап" жүрген суреттері таратылып жүр екен. Халықаралық келісімшарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!", - деп жазды Айтбаев. 

Осы жазбаға қатысты бірнеше сағат ішінде жүздеген пікір жазылды. Халық Димашты саясаттан аулақ ұстау қажеттігін жазып, әкесіне алдын ала ескерткені үшін алғыс жазып жатыр. Димаштың суретін үгіт-насихат үшін пайдаланған партияларды көргенін де жеткізді.

6 қаңтар 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.