Атырау, 13 қазан 23:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

11 қаңтардан бастап ескі көліктерді утилизацияға қабылдайды

3 836 просмотра

2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап істен шыққан көлік құралдарын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы жалғасын табады, деп хабарлайды ӨКМ Операторы баспасөз қызметі.

Айта кету керек 11-ші қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларындағы қабылдау бекеттері жұмысын бастайды. 

Ал 18-ші қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Орал қалаларындағы қабылдау бекеттері жұмыс істейді. 

1 ақпаннан бастап Алматы мен Шымкент қаласындағы екінші қабылдау бекеті өз жұмысын жалғастыратын болады. 

2021 жылы АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты толық жиынтықтағы ескі көлікті тапсырғандарға берілетін ақшалай өтемақы ұлғаяды: 

– М1 санаты -210 024 тг; 

– М2,N1, N2 санаты - 420 048 тг; 

– м3, N3 санаты– 630 072 тг. 

Көлік қабылдау бекеттерінің мекен-жайлары recycle.kz сайтында көрсетілген.  

Ескі көліктері жоюға тапсырудың тәртібі туралы ақпарат «Қалдықтарды басқару», «Ескі көліктерді қабылдау» бөлімдерінде көрсетілген. Сондай-ақ, тозыға жеткен көлік құралдарын тапсыру  бойынша кеңес алу үшін төмендегі нөмірге хабарласа аласыз +7 707 772 79 62. Істен шыққан ауылшарушылық техникасын кәдеге жаратуға қабылдау туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады. 

6 қаңтар 2021, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.