Атырау, 16 қаңтар 08:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылы басталады

2 467 рет қаралды

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу басталады, деп хабарлады sputnik.kz Қазақстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдан басталуы тиіс дактилоскопиялық тіркеу (саусақ ізін алу – Sputnik) елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылға ауыстырылды.  

"Коронавирус пандемиясына және COVID-19 індетіне жасалған болжамдарға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Тиісті өзгерістер "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңға енгізіледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дактилоскопиялық тіркеуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Министрлік "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының заңы сонау 2016 жылдың желтоқсанында қабылданғанын және 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі тиіс болғанын еске салды. Алайда заңның кейбір нормалары қайта қаралды.

Азаматтар он алты жасқа толуына байланысты паспорт  немесе жеке куәлік алғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталып немесе жоғалуына байланысты құжаттарын ауыстырған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.  

3 қаңтар 2021, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.