Атырау, 16 қаңтар 14:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Нұр-Сұлтанда жеке гараж автокөліктерімен бірге өртенді

3 619 рет қаралды

Астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің 60 өрт сөндірушісі жеке гараждағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 желтоқсан күні сағат 10:42-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Челлюскинцев, 73 мекенжайындағы өртті сөндіруге аттанды. Сағат 10:50-де оқиға орнына келгенде екі қабатты жеке үй маңына салынған гараждың өртенгені анықталды. Аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын гараж ішінде автокөліктер болған», - деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта өрт орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамдағы 60 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт шамамен сағат 11:18-де оқшауланды, 11:24-те сөндірілді.

30 желтоқсан 2020, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.