Атырау, 23 желтоқсан 19:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Оралда жатақханадан өрт шықты

3 784 рет қаралды

Оралда тоғыз қабатты жатақханадағыөрттен 45 адам эвакуацияланып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнестің мәлім еткеніндей, оқиға 27 желтоқсан күні шамамен сағат 17.18-де Құрманғазы көшесі 165-мекенжайында болды. 

Тоғыз қабатты жатақханада аумағы 20 шаршы метрді қамтыған №62 бөлме жанып кетті. «Тілсіз жау» 17.47-де оқшауланып, 18.26-да ауыздықталды. 

Өрт орнынан үш адам құтқарылды. Оның екеуі құтқару арқанымен, біреуі сатымен түсірілді. 45 адам қауіпсіз жерге шығарылса, соның 18-і – балалар. 

Газдан уланды деген күдікпен 9 адам оқиға орнында қаралды. Соның бесеуі ауруханаға жатқызылса, оның ішінде екеуі - бала. 

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Өртті сөндіруге департаменттің жеке құрамы (31 адам, 10 техника) жұмылдырылды. Полиция департаментінен 15 қызметкер, 5 техника жетті.

27 желтоқсан 2020, 20:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.