Атырау, 14 қазан 03:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қостанай облысында әуежай пәтер бағасымен сатылғалы жатыр

3 057 просмотра

Желіде 20 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған Арқалық қаласындағы әуежайды шұғыл сату туралы хабарландыру пайда болды, деп хабарлады Sputnik.

Бес гектар аумақта орналасқан бірнеше ғимарат құны 30 миллион теңгеге бағаланып отыр. Хабарландыру беруші бұрынғы әуежайды ірі қара мал ұстау үшін пайдалануға болатынын жазып қойған.

Айуынша, белгіленген бағадан арзандатуы да мүмкін, яғни, саудаласуға болады. Сатып алушылармен риэлторлар сөйлеседі.

"Хабар 24" ақпараты бойынша, әуежай 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыссыз тұр. Сол уақытта қаламен әуе қатынасы тоқтатылған. Кейінгі жылдары нысан жекеменшікке ауысты, ал жергілікті биліктің әуежайды қалпына келтіретін ойы жоқ.

24 желтоқсан 2020, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.