Атырау, 14 қазан 03:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Головкин Р4Р рейтингінде үздік боксшылардың ондығына кірді

3 333 просмотра

ESPN спорт каналының редакциясы pound-for-pound категориясында өздері жасаған үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

ESPN өз сайтында салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл рейтингте IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Головкин (41-1-1, 36 КО) үздіктер «ондығында» тұрақтап, тізімнің соңғы қатарын WBA титулының иесі, америкалық Джервонта Дэвиспен (24-0, 23 KO) бөліскен. 

ESPN шығарған Р4Р рейтингі келесідей: 

1. Теренс Кроуфорд 

2. Сауль Альварес 

3. Наоя Иноуэ 

4. Кіші Эррол Спенс 

5. Теофимо Лопес 

6. Тайсон Фьюри 

7. Василий Ломаченко 

8. Александр Усик 

9. Хуан Франсиско Эстрада 

10. Геннадий Головкин 

10. Джервонта Дэвис. 

Айта кетсек, 19 желтоқсанда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

24 желтоқсан 2020, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.