Атырау, 14 қазан 03:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Тәжікстанға ӨЖЖ 100 аппаратын жіберді

3 334 просмотра

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Тәжікстанға өкпені жасанды желдетудің 100 аппаратын жіберді, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР индустрия және иинфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Тәжікстанға автокөлікпен "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 100 жиынтығын жіберді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

ИИДМ атап өткендей, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 837 "Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы" қаулысын орындау шеңберінде құрылғылар жіберді.

"Көкшетау-4П" аппараттары Көкшетаудағы "Тыныс" зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 осындай құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың бағасы 750 мың теңгені құрайды. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады», - деп түсіндірді ведомстводан.

24 желтоқсан 2020, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.