Атырау, 23 желтоқсан 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтауда көлікке газ орнына су құйылған

3 358 рет қаралды

Ақтауда көлікке газ орнына су құйып жіберген. Жүргізушінің айтуынша, техникалық байқау кезінде баллоннан сұйытылған газдың орнына су табылған, - деп хабарлайды Тенгриньюс "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Ақтау тұрғыны көлігін тексеруге бүгін, 23 желтоқсанда барған.

"Жүргізуші келді де, газ құрылғысында ақау болғанын айтты. Біз диагностика жасап, баллонды ашып, бакқа газ орнына су құйылғанын анықтадық. Бұл гидросоққыға әкелуі мүмкін, сол кезде қозғалтқышты ауыстыру керек болатын еді", - дейді автосервис иесі.

Көлік иесінің айтуынша, ол Бақұдық ауылы маңындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде машинасына газ құйған.



23 желтоқсан 2020, 20:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.