Атырау, 16 қаңтар 16:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Тасжолдан табылған балаға байланысты полицияның пікірі

4 000 рет қаралды

Алматы облысында жолдан табылған балаға байланысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Жолдан табылған бала бойынша мән-жай анықталып жатыр. Оның ата-анасына қолданылатын шара бойынша ақпарат беріледі», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін белгісіз ер азамат жолдың бойынан кішкентай ұл баланың жүргенін байқап, оны бейнежазбаға түсіріп, ата-анасын табуға көмек сұраған болатын.

«Ақши база жақтан келе жатырмын. Жолда келе жатып, трассадан бала тауып алдым», - дейді бейнежазба авторы баланы көрсете отырып. 

Сондай-ақ ол баладан ата-анасының қайда екенін сұрайды. «Ана жақта», - деп бала жауап береді. 

Бірақ бейнежазбада жақын маңда ешкімнің көрінбейтінін байқауға болады.

22 желтоқсан 2020, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.