Атырау, 30 маусым 04:45
 дождьВ Атырау +15.9
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Имер Боннерді қабылдады

4 079 рет қаралды

Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды. 

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды. 

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

21 желтоқсан 2020, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.