Атырау, 14 қазан 03:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Елімізде медицина қалдықтарын қалай өңдейді

3 244 просмотра

Сенаттың жалпы отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жоспарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы жақында тиісті заңға қол қойған болатын. Біздің жоспарымыз бойынша келесі жылда аукцион өткізетін боламыз. Осы орайда алты пилоттық қаланы іріктедік, оның ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау қалалары бар. Қазіргі кезде үлкен проблеманы бірі – ол қоқысты қайта өңдеудің төмен деңгейі. Жыл сайын 5 млн тонна қалдық жиналса, соның 15 пайызы ғана қайта өңделеді. Аталған 6 қанатқақты жоба іске асырылғаннан кейін, қайта өңдеудің деңгейі 30 пайызға жеткізілмек», - деді министр.

Сонымен қатар Мырзағалиев медициналық қоқыстар мәселесіне тоқталды. 

«Бұл тақырып биыл аса өзекті болды. Жаңа Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес, бұл үдеріс Денсаулық сақтау министрлігіне құзыретіне жатады. Дегенмен, қоқыс өңделмеген жағдайда Әкімшілік кодекстің нормаларына сәйкес, әкімшілік айыппұл 10 есе өседі. Екіншіден, осы қалдықтар қалыптасатын емханалар мен клиникалар қалдықтарға жауапты болады. Ал сол қалдықтарды қайта өңдейтін мекемелер лицензиялау процесінен өтуі керек. Сондықтан бұл процесс күшейтіледі», - деді министр.

21 желтоқсан 2020, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.