Атырау, 14 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

6 баланың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

3 290 просмотра

Көкшетауда газ баллоны жарылып зардап шеккен алты баланың, үшеуі жансақтау бөлімшесінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер 2004, 2006, 2007, 2010, 2011, 2013 жылғы балалар, сондай - ақ, 1976 және 1980 жылғы ересектер. «Алты баланың 16 ,14 және 7 жастағы үшеуі жансақтау бөлімшесінде жатыр. Олардың денесінің күйік шалу деңгейі 50, 40 және 25 пайызы», - деп айтты ведомствоның баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісінің сауалына. Айта кетейік, 20 желтоқсан сағат 21:14 шамасында Васильковска шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатытндағы пәтерде газ баллоны жарылған болатын. Одан сегіз адам зардап шегіп, (оның алтауы бала) ауруханаға жатқызылды.

21 желтоқсан 2020, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.