Атырау, 14 қазан 05:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сәтбаевтағы зорлау оқиғасы: тергеу абақтысының басшылығы жазаланды

3 659 просмотра

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлады және зорлады деген күдіктінің суицид жасағаны үшін Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және тергеу изоляторының басшылығы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ ҚАЖ комитеті баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлады және зорлады деген күдіктінің өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу қылмыс анықталмаған соң жабылған.

"Күдіктінің суицид жасағаны анықталды, қинап өлтіру белгілері жоқ. Бұдан басқа ҚАЖК қызметтік тергеуінің нәтижесінде тиісті бақылау жүргізбегені үшін мекеменің және ҚАЖ департаментінің басшылық құрамы тәртіптік жазаға тартылды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында тұрғындар бес жасар қызды ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен болатын. Жоғалып кеткен 5 жасар қызды оның ата-анасы мен қала тұрғындары іздеген еді. Кейін ол қыз қаладағы пәтердің бірінде табылған болатын. Онда ер адам болған. 

Артынша, жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған еді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиғаға қатысты пікір білдірді. ІІМ басшысы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынғанын айтқан еді.

Кейін күдікті Қарағандыда тергеу изоляторында өлі табылды. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу жүргізілетінін хабарлаған болатын.

20 желтоқсан 2020, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.