Атырау, 14 қазан 05:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Пара бойынша сотталғандардың мерзімінен бұрын босауына тыйым салынды

3 465 просмотра

Қылмыстық кодекске пара алушы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілерге, пара делдалдарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жазаны қатаңдату мақсатында түзетулер енгізілді.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ретте Қылмыстық кодекске пара алушы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілерге, пара делдалдарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жазаны қатаңдату мақсатында түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, заңға ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзетулер енгізілді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заң мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары және судьялар үшін қарастырылған сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша жаңа шектеулерді қамтиды. Қылмыстық процестің бәсекеге қабілеттілігі мен ашықтығын күшейтуге бағытталған нормалар қабылданды.

Заң жобасындағы шетелдік банктерде шот сұтауға қатысты жаңадан енгізілген шектеулер тек мемлекеттік қызметкерлерге, Парламент депутаттары мен судьяларға қатысты екенін ескерте кетелік.

Заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.

20 желтоқсан 2020, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.