Атырау, 14 қазан 05:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қабынған өкпе қанша уақытта қалпына келеді

4 027 просмотра

Пульмонолог дәрігер Саттар Ералиев пневмонияның анықтамасына тоқталып, одан қалай сақтану керектігі жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігердің айтуынша, ең алдымен пневмония мен коронавирустың ара жігін ажыратып алу керек.

«Адам өкпесі ауа ауысатын альвеолалар мен өкпе каркасын құрайтын дәнекер тіндерден тұрады. Коронавирус пневмониясында вирус осы дәнекер тіндерді қабындырады. Егер науқаста өкпенің 30-40 пайызы қабынса да тыныс алу жеткіліксіздігі болмайды. Ал бактериялық немесе кәдімгі пневмонияда альвеол қабынады да науқас бірден ентігу басталады. Біз қорқатын вирустық пневмониялар өкпенің 60-70 пайыз және одан көп бөлігінде қабынғанда басталады. Ол ауа жетіспеуіне пневмония асқынуы (тромбоз, васкулит, жедел респираторлық дистресс синдромы, цитокин шок) қосылады»,– дейді ол. 

Сонымен қатар, ол «пневмония» диагнозынан қорқудың қажеті жоқ екенін тілге тиек етті.

«Пневмониядан емес, коронавирус инфекциясынан (КВИ) сақтану керек. КВИ-мен ауырған әрбір науқастың өкпесінің 80% зақымданады, яғни пневмония КВИ-дің асқынуы емес, ол осы аурудың ең көп кездесетін көрінісі»,– дейді дәрігер. 

Саттар Ералиев коронавирустан емделіп шыққан адамдарға неге баса назар аудару керектігін айтты.

«КВИ-дің ауыр түрлерінде өкпе ғана емес, ми және вегетативті нервтер, бауыр және ұйқы безі, бүйрек зақымданады. Қазір министрліктің тапсырмасы бойынша, жергілікті емханаларда реабилитациялық бөлімшелер құрылды. Сол жерде барып кеңес алған дұрыс. КВИ-дан кейін иммунитет төмендейді. Сондықтан тұмауға қарсы вакцина салдырған дұрыс. Жасы келген кісілер (65-тен асқан), диабетпен, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын кісілерге пневмококк инфекциясына қарсы вакцина салдырған жөн»,– деді спикер.

Сөз соңында дәрігер қабынған өкпені қайта қалпына келтіруге қанша уақыт кететінің жеткізді.

«КВИ жеңіл түрінде де пневмония болуы мүмкін, егер рентгенге түспесе білмейді де. Алайда, оған бола рентгенге не компьютер томографиясына түсудің керегі жоқ. Бұл вирусқа қарсы ем жоқ. Коронавирус пневмонияда адам ағзасы ауруды жеңген кезде, өзі өкпені біртіндеп толық қалпына келтіреді. Оған 3-6 ай кейде одан да ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Ол өкпенің зақымданған аумағы мен науқас ағзасынын ерекшеліктеріне байланысты»,– деді пульмонолог.

20 желтоқсан 2020, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.