Атырау, 14 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Генерал Көпбаев 5 жылға сотталды

3 756 просмотра

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-аккаунтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

«2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласындағы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-ға офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген ведомство мәліметінде. 

Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізген. 

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры пара алды деген күдікпен ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы жылдың 4 ақпанында жариялаған еді. 

Кейіннен оған қатысты 2 ай мерзімге үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған болатын.

20 желтоқсан 2020, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.