Атырау, 6 қараша 01:09
 дождьВ Атырау +4.1
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Қаңтарда қанша күн демаламыз?

3 851 рет қаралды

Қаңтар айында қазақстандықтар екі мерекені - Жаңа жыл мен Рождествоны атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жылдық мерекелер 1 және 2 қаңтарға келеді, олар ресми мерекелер болып саналады. Бірақ 2 қаңтар сенбіге сәйкес келетіндіктен, 4 қаңтар да қосымша демалыс күні деп жарияланады.

Осы жағынан алғанда, Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан халқы 1,2,3 және 4 қаңтарда демалады.

Сондай-ақ, 31 желтоқсан жұмыс күні екенін еске сала кетелік.

Сонымен қатар, 7 қаңтар да демалыс күні, бұл күні православ христиандары Рождество мерекесін тойлайды.

20 желтоқсан 2020, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.