Атырау, 14 қазан 05:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Төрт нокдаун. Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп рекорд орнатты

3 292 просмотра
Сурет: DAZN

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Холливудта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде польшалық Камил Шереметаны 21-0, 5 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта IBF және IBO титулы сарапқа салынған кездесу 12 раундқа септелген болатын. Жекпе-жек басталысымен Шеремета шабулыға шығып, ринг ортасын ұстамақ болды. Алайда Головкиннің джебтері Еуропа чемпионының меселін қайтарды. Жетінші раундта польшалық боксшы төртінші рет нокдаунға түсті. Осыдан кейін оның командасы айқасты тоқтату туралы шешім шығарды. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Головкин титулын 21-ші рет қорғап, әйгілі Бернард Хопкинстің рекордынан асып түсті. Осыған дейін екі боксшыда чемпион дәрежесінде 20 жеңісі болған - дививзион рекорды. Америкалық бұл көрсеткішке 1995 пен 2005 жыл аралығы қолжеткізді, ал GGG мұны азырақ уақытта қайталай алды (2010-2018).

19 желтоқсан 2020, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.