Атырау, 14 қазан 05:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Данияр Елеусінов IBF титулымен ресми түрде марапатталды

3 249 просмотра

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental чемпионы титулымен ресми түрде марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті Данияр Елеусінұлы! IBF сізді жартылай орта салмақтағы Intercontinental титулымен марапаттау құрметіне ие. 2020 жылдың 27 қарашасында Флорида штатының Голливуд қаласында Джулиус Индонгоны жеңгеніңіз, сіздің нағыз чемпион екеніңізді бүтін әлемге дәлелдейді. Осы беделді марапатты қабыл алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз және сіз IBF титулын үлкен құрметпен, адалдықпен алып жүретініңізге сенімдіміз. Уақыты келгенде міндетті қорғау жекпе-жектері бойынша хабарласатын боламыз. Құрметпен, (IBF) төрағасы Карлос кіші-Ортис», - делінген Халықаралық бокс федерациясының төрағасы К. кіші-Ортистің ресми хатында.

Хаттың скриншотын Д.Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев өзінің Instagram-сторисінде жариялады.

16 желтоқсан 2020, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.