
Жүздеген алматылық қаржы пирамидасының құрбаны болғанын мәлімдеді. Қала тұрғындарының сөзінше, олар қожайыны шетел асып кеткен жеке компанияға ақша салған. Адамдар компания кеңсесін басып кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
14 желтоқсан күндізгі уақытта компания кеңсесінің алдына бірнеше адам келді. Олар қаржы ұйымына ақша салған. Салымшылардың сөзінше, шамамен төрт мың клиент бар.
"Компаниядағылар салынған ақшаларды пайызбен қайтарып беруге уәде етті. Ай сайын жалпы соманың белгілі бір пайызы түсіп тұрды. Шарт бойынша, егер тағы бір адамды ертіп алып келсек кэшбек қосылатыны айтылды. Адам көп алып келген сайын пайызы да көбейе түседі. Мысалы мен бір миллион теңге салсам айына 80 мың теңгедей түсіп тұрды. Ал мен кіргізген тағы бір адам миллион теңге салса дәл сондай сома алып отырдым. Бірақ соңғы екі айда ақша түспей кетті", - дейді салымшылардың бірі.
"Шарт бойынша, ақша шотта екі-үш жылдай тұруы керек, сол кезде сома бірнеше есе көбейеді. Мен өзім салған ақшаны бір жарым жылдай жаратпай, сақтап жүрдім. Ұйымдастырушылар арасында пәтер мен қымбат тауарлар ұтысын жасайтын. Бірақ ол үшін 10 миллион теңге салу керек. Осылайша клиенттерді тартқан", - дейді салымшы.
Салымшылардың сөзінше, компанияның Қазақстан бойынша 10 бөлімшесі бар. Ал ақша екінші деңгейлердің бірінде жатыр екен. Тек салымшылар емес, сондай-ақ менеджерлер мен бас директордың орынбасары алданып қалған.
Салымшылар компанияның негізін қалаушы және бас директоры шетел асып кеткенін айтады.
В Атырау 0