Атырау, 14 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алдағы мерекелерде сақтық шараларын естен шығармайық

3 533 просмотра

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова халықты алдағы мерекелерде сақтық шараларын естен шығармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қазақстандықтар! Келе жатқан Тәуелсіздік мейрамымен құттықтай отырып, ұзақ демалыс күндері барын ескере келе сіздерді халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға, коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу шараларын сақтауға, міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтық пен гигиена талаптарын сақтауға, құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын пайдалануға шақырамын», - деді деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша оқу жылы басталғалы бері 2 884 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 818 жағдай, қашықтан білім алатын балалардың арасында 2 066 жағдай тіркелген.

Еске сала кетсек бұған дейін Роза Қожапова эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірлерде карантин шарасын жеңілдету мәселесі қаралатынын мәлім еткен еді.

15 желтоқсан 2020, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.