Атырау, 14 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Балалар тегін емделеді

3 391 просмотра

Қазақстанның 8 облысында оңалту орталықтарына толық жаңарту жұмыстары жүргізілді. Онда ай сайын 600 бала квотамен 21 күндік емдеу курсынан өте алады. Бұл туралы Н. Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңалту орталықтары Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтанда ашылды.

«Елбасының «Қамқорлық» бастамасы негізінде 8 облыста оңалту орталықтары жұмыстарын қайта жаңғыртып, толыққанды инфрақұрылымдық жаңарту жұмыстары жүргізілді. Онда жылына 5 мыңға жуық адамды оңалту ісі қолға алынады. Оның барлығы бүгінгі форумда айтылды. Әрбір орталықта квота аясында айына 600-ге жуық сал аурына шалдыққан балаларды толыққанды 21 күндік бағдарламалық емдеу қолға алынады», - деді Ә. Марғұланұлы Елбасының қатысуымен өткен «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумында.

Спикердің айтуынша, 2021 жылы тағы 8 орталық ашу жоспарланған.

«Біз «Қамқорлық» орталықтарын салып, жөндеуден өткізіп қана қоймай, 12 мемлекеттен тікелей зауыттан технологияларды сатып алып, 220 маманды біліктілікті арттыру курстарынан өткіздік. Елбасы тапсырмасымен аталған жұмысты жалғастыратын болдық. Келесі 2021 жылы өңірлерде аталған 8 орталыққа тағы қосымша 8 орталық ашу жоспарланған», - деді Әлкей Марғұланұлы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан өірлерінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасына қатысқан жастар марапатталды. «Елбасы медалі» жобасының қатысушыларына қола медальдар, халықаралық олимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына «Ел мақтанышы» сыйлығы және ауыл оқушылары арасында өткен «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.

14 желтоқсан 2020, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.