Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елімізде құрастырылған тікұшақтардың бірінші партиясы тапсырылды

3 336 рет қаралды

Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтардың бірінші партиясы тапсырылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Курсив хабарлады. 

Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ кәсіпорнында жасалған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мұқтаждықтары үшін Ми-8АМТ тікұшақтарының бірінші партиясын салтанатты тапсыру өтті.

Тікұшақтарды жинау жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Ми-8АМТ-көп мақсатты тікұшақ, әлемдегі ең жаппай екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери міндеттерді орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.

14 желтоқсан 2020, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.