Атырау, 14 қазан 07:45
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Елордада іздеуде жүрген 12 қылмыскер ұсталды

3 351 просмотра

Желтоқсанның 11-13 күндері елорда аумағында криминогендік ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, осы күндері 82 қылмыс тіркеліп, оның 66-сы әшкереленді. Сонымен қатар бұрын жасалған 36 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 12 қылмыскер мен заңсыз жүрген 37 адам ұсталды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе алып жүрген 23 адам қолға түсті.

«Байқоңыр» аудандық полициясы жедел іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық жасау күдігіне ілінген 21 жастағы қызды ұстады. Ол сауда үйіндегі шағын дүкенде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің құны 120 мың теңгелік «ОППО» ұялы телефонын алдап алып кеткен. Күдікті жасөспірімнен телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, белгісіз бағытта бой тасалаған. Одан кейін телефонды сатып жіберіп, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр«, - деді департаменттен.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, рейд барысында түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 2,5 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде отбасылық жанжал шығарған 37 азамат, міндетін орындамаған 12 ата-ана, кішігірім бұзақылық жасаған 216, тыныштық бұзған 283 адам бар. Қоғамдық орында ішімдік ішіп, мас күде жүрген 400-ге жуық адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар көлік құралын мас күйде айдаған 28 жүргізуші ұсталды.

14 желтоқсан 2020, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.