Атырау, 14 қазан 07:38
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Лукашенко Қазақстандағы сайлау туралы: Сіздер үшін алаңдаймыз

3 527 просмотра

Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдерінің басшылары Қазақстанда өтетін парламент сайлауына алаңдаушылық білдіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2020 жыл біз үшін оңай болған жоқ. 2021 жыл да оңай болмасы анық. Келесі жылдың басында Қазақстанда парламент сайлауы өтетінін білемін. Біз сізге және Қазақстанның тұңғыш Президентіне осы саяси науқанды өткізу кезінде табыс тілейміз. Оның оңай болмайтынын Беларусиядағы және басқа елдердегі жағдайдан біліп отырған шығарсыздар", - дейді Лукашенко.

Беларусь президенті Қазақстан үшін алаңдайтынын айтты.

"Сондықтан біз тілеулеріңізді тілейміз! Қазақстан тұрақты, қуатты және гүлденуі үшін сіздерге жан-жақты қолдау көрсетеміз", - дейді ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
11 желтоқсан 2020, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.