Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда отшашу болмайды

3 654 рет қаралды

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні Нұр-Сұлтанда отшашу болмайтынын қала әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкімдіктегілер қала тұрғындарын барлық санитарлық норманы, әлеуметтік қашықты сақтауға және маска тағуға шақырды.

Мұның алдында Алматының безендірілмейтіні және жаңажылдық отшашу болмайтыны хабарланған болатын.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 11 күн демалады.

Тәуелсіздік күні бірден төрт күн - 16, 17, 18 және 19 желтоқсанда демалады. Айта кету керек, 18 желтоқсан жұмыс күні, бірақ ол күн 20 желтоқсан жексенбіге ауыстырылады.

11 желтоқсан 2020, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.