Атырау, 14 қазан 07:40
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жезқазғанда жұмысшылар ереуілге шықты

Бейнежазба
3 514 просмотра

"Қазақмыс" корпорациясына еншілес Tranco Zhezkazgan темір жол компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Шамамен 300 жұмысшы жұма күні таңертең Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы кәсіпорын кеңсесінің алдына жиналды. Олардың кейбірі жұмыс орнында болғанмен жұмысын тоқтатқан. Кен және компанияның дайын өнімдерін тасымалдаумен айналысатын жұмысшылар әкімдік пен жұмыс берушіге жіберген шағымдарынан нәтиже шықпағанын айтып, ереуілге шығуға мәжбүр болып отырғанын жеткізді.

— Бұл біздің жан айқайымыз! Бейбіт митингіге шығып, плакатсыз талаптарымызды айтып жатырмыз. Жарты жыл бұрын әкімге жат жазған едік. Мәселені шешеміз деп уәде берді. ["Қазақмыс" корпорациясының басшысы Эдуард] Огайға да талаптарымызды жеткізгенбіз. Ол кезде талаптарымызды айтып жүрген өкіл болатын. Бірақ оны кейін жұмыстан шығарып тастады, ал қалған адамдардың аузын жапты. Нарық дамып жатыр, бәрі қымбаттап кетті, тек жалақымыз ғана өспеді. Айта бастасаң - қудалай бастайды. Мысалы, мені екі күннен бері қудалап жатыр: дұрыс жұмыс істеткізбейді, қайта-қайта тексере береді, кез келген ұсақ-түйек нәрсе үшін үстімнен шағым жазады, мені жұмыстан шығарайын деп отырған сияқты, — дейді кәсіпорын жұмысшысы Аурика Балымова.


11 желтоқсан 2020, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.