Атырау, 14 қазан 07:38
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 млрд ұрланды

3 804 просмотра

Бүгін Есіл ауданы №2 сотта Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы қызметкерлеріне үкім оқылды. Айыпталушылардың ұзақ мерзімге сотталғанын Nur.kz Елорда сотының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Есіл ауданы №2 сотында "Астана" халықаралық әуежайының" бұрынғы бас есепшісі Бабашева алдын-ала сөз байласу бойынша адамдар тобында аса ірі көлемде ақша жымқырғаны және Қылмыстық кодекстің 367-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы, 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша пара бергені үшін кінәлі деп танылған.

Сондай-ақ оның орынбасары Палманова, бухгалтерлер Баяндина, Үзденбаева, Елубаева, "НК Билдинг" ЖШС директоры Сейітова және Бабашев 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы және 28-баптың 5-бөлігі бойынша ұрлыққа қатысқаны үшін сотталды. Сотта анықталғандай, бұл адамдар 2016 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін жалған келісімшарттар мен қаржылық құжаттар бойынша 33 заңды және жеке кәсіпкерлердің есеп айырысу шоттарына ақша аударып, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, 1,6 миллиардтан астам теңгені жымқырған.

11 желтоқсан 2020, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.