Атырау, 21 желтоқсан 23:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Қазақстанда бірнеше қала әкімі Президенттің тапсырмасын орындамапты

3 480 рет қаралды

Биыл наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қатты қымбаттағандықтан Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге тұрақтандыру қорын құрып, оған қаражат бөлу керектігін айтқан. Алайда бүгін бірнеше қала мен облыс әкімдері бұл тапсырманы қаперіне де алмағаны белгілі болды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро бағдарламасы.

Сауда және интеграция министрінің айтуынша, елімізде жыл басынан баға үш рет қымбаттаған. Баға бір рет көктемде, екі рет осы күзде өскен. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны әлі де тұрақтамай тұр. Өйткені әкімдіктер бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстарды дұрыс атқармай отырған көрінеді. 

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР Сауда және интеграция министрі: 

– Шекті бағаларды белгілеу және олардың негізінде шекті рұқсат етілген бағаларды қолдану әдістемесі заңнамада бекітілген. Шекті бағаларды белгілеуге болатынына қарамастан өңірлер аталған құралдарды пайдаланған жоқ. 

Өткен жылы шекті бағаны ұстай алмаған 7 облыс әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланған. Алайда бұл нәтижелі жұмыс істеуге негіз бола алмай отыр екен. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақмола облыстарының тұрақтандыру қорлары жыл басынан толықтырылмаған. Шығыс Қазақстанның әкімдігі тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алу үшін бір тиын да бөлмепті. Ал бізге сұқбат берген елорда әкімдігінің өкілі азық-түлік жеткілікті деңгейде деген болатын. 

РУСЛАН ИДРИСОВ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Сауда және қызмет көрсету бөлімінің басшысы: 

– Қала 20-25 күнге жетерлік негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Жаңа жыл жақындаған сайын көпшілік бағаның шарықтап кететініне үйреніп алған. Өйткені бұл үрдіс жыл сайын қайталанады. Ал Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағасының өсуін сыртқы нарыққа сілтеп, әкімдердің нәтижелі жұмыс істей алмай отырғандығы деді. Соған қарағанда айтар ауызға жеңіл, ал халықтың қалтасына ауыр тиіп жатқан қымбатшылық мәселесі әлі де шешілмейтін секілді. 

11 желтоқсан 2020, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.