Атырау, 23 желтоқсан 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға сотталды

3 955 рет қаралды

10 желтоқсанда Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қ.Ысқақов, оның орынбасарлары М.Имандосов пен М.Делмұханов, экс-әкімінің туысы А.Досмаилов пен экс-әкімінің сенімді тұлғасы Ж.Ысқақов кінәлі деп танылып, жаза тағайындалды, - деп хабарлайды zakon.kz.

Жазасын орташа қауіпсіз колонияда өтеумен және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қ. Ысқақов - 7 жылға, оның орынбасарлары М. Имандосов пен М. Делмұханов - 6 жылға, облыстың бұрынғы әкімінің туысы А. Досмаилов пен облыстың бұрынғы әкімінің сенімді тұлғасы Ж. Ысқақов - 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерінің бір күндік жалақысын аудару есебінен қалыптастырылған және Арыс қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған "Сыр Мейірімі" қорының ақшалай қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Аталған іс бойынша жалпы саны 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн. Жоғарыда аталған 5 сотталушыдан басқа қылмыстық іске 4 кәсіпкер мен Қызылорда облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы тартылды. Оларға қатысты шын өкінуіне байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

10 желтоқсан 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.