Атырау, 30 маусым 01:08
 дождьВ Атырау +20.8
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады деген ақпарат - фейк

3 533 рет қаралды

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды stopfake.kz. 

«Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – фейк» деп жазады сайт. 

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды: 

«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 желтоқсан 2020, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.