Атырау, 24 ақпан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

3 640 рет қаралды

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қаулы бойынша, енді серіктестік босануға рұқсат беріледі. Ол үшін серіктесінде ПТР әдісі бойынша тапсырылған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек және оның нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспауы керек.

Сондай-ақ, Қазақстанға әуе рейстерімен ұшып келетіндерге, теміржол жолаушыларына, теңіз және өзен көлігімен келетіндерге қатысты ережелердің өзгергені айтылады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Бас санитар дәрігердің қаулысы 2020 жылдың 8 желтоқсанында сағат 00.00-де күшіне енеді.

7 желтоқсан 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.