Атырау, 16 қаңтар 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Бурабайда 4 әйелдің мәйіті табылды – күдікті ұсталды

3 787 рет қаралды
© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ақмола облысы Бурабай елді мекеніндегі пәтерлердің бірінде төрт әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 5 желтоқсанда болғанын айтты.

"Сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Бурабай тұрғыны қоңырау шалды. Ол көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесін тапты", - деп хабарлады полицияда.

28 жастағы тұрғын бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

5 желтоқсан 2020, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.