Атырау, 21 қаңтар 03:01
 ашық В Атырау -13
$ 420.71
€ 516.13
₽ 5.65

Жоғарғы Соттың судьялары жаңадан сайланды

2 594 рет қаралды

Абдолла Сәкен мен Омарбекова Мәдениет Жоғарғы Сот судьялары болып сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Абдолла Сәкен 1964 жылы туған, заңгерлік білімі бар. Заң ғылымдарының кандидаты.

Адвокатурадағы еңбек жолын 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасынан бастады.
1992 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы болып сайланды.
1996-1999 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Алматы қаласы Әділет департаментінің бастығы болды.
2002 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2003 жылы Жоғарғы Сот аппаратының жетекшісі болып тағайындалды.
2004 жылдан бастап Жоғарғы Сот судьясы.
2007 жылдан бастап Маңғыстау облыстық сотының төрағасы.
2011 жылдан бастап Нұр-Сұлтан сотының төрағасы.
2013 жылы ол ҚР Әскери сотының төрағасы болып тағайындалды.
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.
Судьялық жұмыс өтілі - 19 жыл.

Омарбекова Мәдениет Жақанқызы 1965 жылы туған, жоғары білімі бар. Заң ғылымдарының кандидаты.
Адвокатурадағы еңбек жолын 1988 жылы Қарағанды қаласы Совет аудандық сотының сот отырысының хатшысы болып бастаған.
1990 жылдан бастап Қарағанды қаласы Совет аудандық сотының сот орындаушысы болып жұмыс істеді.
1992 жылдан бастап, Қарағанды қаласы Совет аудандық соты төрағасының көмекшісі.
1993 жылы Қарағанды қаласы Совет аудандық сотының судьясы болып сайланды.
2000 жылдан бастап Қарағанды облыстық сотының судьясы.
2015 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан сотының судьясы.
Судьялық жұмыс өтілі - 27 жыл.

3 желтоқсан 2020, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.