Атырау, 20 сәуір 09:04
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза тапты

Бейнежазба
3 721 просмотра

"Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 1 желтоқсанында сағат 01.34-те Сырдария ауданы "Қызылорда-Құмкөл" тасжолының 108 шақырымында "Бектас-Қоныс" кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада 1450 шаршы метр. аумақта өрт оқиғасы тіркелді. Жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 160 шақырым. 

Жатақхананың жалпы аумағы - 2500 шаршы метр. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді. Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен 19 шақырым қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты", - делінген хабарламада.
1 желтоқсан 2020, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.