Атырау, 14 қазан 11:20
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тоқаев Қазақстанның абыройын асырған Қарақат Башанова туралы жазды

4 339 просмотра

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар Евровидениесі – 2020" байқауында 2-орынды иеленген Қарақат Башанованы құттықтады.

"Қарақат Башанованы "Балалар Евровидениесі – 2020" байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, 12 жасар әнші Қарақат Башанова байқауда әкесіне арнаған Forever әнін орындады. Әкесі 7 жасар кезінде өмірден озған. 

Ұлттық қазылар алқасы мен онлайн дауыс беру нәтижесіне сәйкес қазақ қызы 152 ұпай жинады. Франциялық Валентина 200 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орын испаниялық Солеаға бұйырды (133 ұпай).

Қазылар алқасы да Қарақатқа екінші орын берген болатын.

Junior Eurovision 2020 ресми YouTube-каналында Қарақат Башанованың клипін 200 мың рет тамашалаған. Ән авторы –  белгілі композитор Хамит Шанғалиев.


30 қараша 2020, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.