Атырау, 25 сәуір 11:53
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Коронавирус: Елорда қайтадан «сары» аймаққа кірді

3 423 просмотра

Елордада коронавирус қайтадан белең алып, қала «жасылдан сары» аймаққа қайта өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, «қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары қалып отыр. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа өткен. Еліміздің қалған барлық өңірлері «жасыл» аймақта. 

27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл аймаққа» өткеніне үш күн болғанын айтқан еді. 

«Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл аймаққа» өткеніне үш күн болды. Алайда, бұл арқаны кеңге салып, еркінсуге себеп болмауы тиіс. Өйткені, «жасыл аймаққа» өту коронавирус жұқтырғандар санының азайғанын білдірмейді. Қалада әлі де тәулік ішінде инфекция жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Дегенмен, өткен демалыс күндері тіркелген жағдайлар аз болған «, - деген болатын Жанна Пірәлиева.

30 қараша 2020, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.