Атырау, 25 сәуір 16:52
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Верный Капитал" Болат Өтемұратовтың қамауға алынғанын жоққа шығарды

3 827 просмотра

Жақында бұл талап-арызға қарсы шағым түсіріледі.

"Верный Капитал" компаниялар тобының баспасөз қызметі "БТА Банкі" АҚ-тың азаматтық талаптарының мәні бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды zakon.kz.

Бастапқыда бұл талапты "БТА Банкі" АҚ 2015 жылы Мұхтар Әблязов пен Ильяс Храпуновқа қарсы жариялаған. Айыпталушылар тізімінің кейіннен кеңеюіне байланысты Болат Өтемұратов және оның кәсіпкерлік құрылымына кіретін бірқатар адамдар да 2020 жылдың қарашасында осы тізімнен төбе көрсетті.

Бұл талапты алға тартуда "БТА Банкі" АҚ және оның адвокаттары ұсынған жалған құжаттар негіз болған.

Жақында бұл талап-арызға қарсы шағым түсіріледі.

Қазіргі уақытта Болат Өтемұратов Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатыр және қоғамдық жұмыстарға бағытталған өз жұмысымен айналысуда.

30 қараша 2020, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.