Атырау, 27 сәуір 04:07
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Нұрсұлтан Назарбаев туралы тағы бір жаңа деректі фильм түсірілді

3 497 просмотра

Деректі фильмде белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері Елбасының Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік берген негізгі бастамалары туралы айтады.

Сурет: видеодан алынды


Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені Елбасы туралы жаңа деректі фильм әзірледі, - деп хабарлайды zakon.kz.

1991 жылы 1 желтоқсанда біздің еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланды.

Деректі фильмде белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері Елбасының Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік берген негізгі бастамалары туралы айтады.

Спикерлер сыртқы саясат, экономика, саяси және әлеуметтік жаңғыру, қазақстандық патриотизм тәрбиесі сынды көптеген мәселелер бойынша елдің дамуымен тығыз байланысты тарихи сәттерді әңгімелейді.

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені "Назарбаев факторы" атты жаңа деректі фильм дайындады.

30 қараша 2020, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.