Атырау, 14 қазан 11:14
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақтаудан Ыстамбулға бағыт алған әуе рейсі 1,5 сағаттан соң әуежайға оралуға мәжбүр болды

2 851 просмотра

Ақтау-Ыстамбул бағытында ұшқан жолаушылар ұшағы арада бір жарым сағат өткен соң әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Бұл жағдайға ұшақтағы жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлауы себеп болған.

«Ұшу кезінде жолаушылардың біреуі өзін нашар сезінді, ұшақ командирі әуежайға оралу туралы шешім қабылдады. Ақтауға оралған соң жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, қажетті барлық процедура аяқталғаннан кейін рейс қалпына келтірілді», - деп хабарлайды SCAT компаниясы.

Әуе кемесі Ақтау қаласынан шамамен сағат 21:00-де ұшып шыққан, 1,5 сағаттан кейін әуежайға қайта оралып, сағат 23:45-те қонған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері бұл ақпаратты растап, ұшу барысында кәмелет жасқа толмаған жолаушының денсаулығы нашарлағанын нақтылады.

Дереккөз: Азаттық Рухы

30 қараша 2020, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.