Атырау, 17 қаңтар 00:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

​БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

3 558 рет қаралды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.

Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

30 қараша 2020, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.